Н.Ілиясов ауылындағы мәдениет үйінде ақ жаулықты аналар мен әжелер мәдениет үйі қызметкерлері ұйымдастырған бесік жырын орындау мен ертегі айту байқауына қатысты, деп хабарлайды "Сыр бойы" газетінің сайты Сырдария ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Байқауға қатысушы 10 ардагер аналарға ережелер таратылып, сайыс шарттары таныстырылды. Олар өзін-өзі таныстыру, бесік жырын орындау, сұрақ-жауап немесе мақал-мәтел мағынасын ашу, "Әже маған ертек айтып берші", "Ұршық иіру" кезеңдері бойынша өздерінің өнерлерін көрсете білді. Бұл ардақты аналар арасындағы байқау болғанымен оның тәрбиелің мәні зор. Ұлттық құндылықтарымыз дәріптеліп, жас толқындар рухани азық алды. Осындай маңызды байқауда әділ-қазылар алқасы әділ бағаларын беріп, бірінші дәрежелі дипломмен Келесова Боранкүлді, екінші дәрежелі дипломмен Әлшоразова Күлбаһрамды және үшінші дәрежелі дипломмен Тойбаева Шолпанды марапаттады. Белсене қатысқан ардагер аналар да алғыс хаттармен марапатталып, бәріне бағалы сыйлықтар берілді.