ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жанындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының 2020 жылғы алғашқы отырысында 3 мәселе қаралды.
Жұмыс тобының отырысында бірінші болып Қызылорда қаласының жер қатынастары бөлімінің басшысы Ж.Ержанов хабарлама жасады. Бөлім тарапынан
12 мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. 2019 жылы бөлімге жеке және заңды тұлғалардан 11861 өтініш түскен. Оның ішінде, бөлімге тікелей түскен
5893 өтінішке жауап берілген. Сондай-ақ, 5968 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Дегенмен, жер қатынастары саласына қатысты ҚР МҚІА Қызылорда облысы бойынша департаментіне өткен жылы 10 шағым түскен. Атап айтқанда, жер учаскелерінің қабаттасуы, қала әкімдігінің қаулысының кеш шығуы, және т.б. мәселелер бойынша арыздануға себеп болған.
2019 жылы қалалық жер қатынастары бөлімінде мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында 107 өрескел бұзушылықтар орын алған. Оның ішінде, 6 рет - стандартта көрсетілген қызмет көрсету мерзімдері сақтамалмаса, 84 рет - стандарт талабында көзделмеген артық құжаттар сұратылған, 17 рет - толық емес құжаттар бола тұра қызмет көрсетілген. 2018 жылы 7 бұзушылық орын алған.
Келесі кезекте, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов, филиалмен 2019 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.
Күн тәртібіне сәйкес, Департаменттің басқарма басшысы Ғ.Ілкібаев
2019 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына жүргізілген республикалық қоғамдық мониторинг нәтижелерімен таныстырды.
Мониторингпен 65 мемлекеттік көрсетілетін қызмет қамтылған
(38 ОМО-ға, 2 Мемкорпорацияға жəне 25 ЖАО-ға тиесілі). Олардың ішінде, жедел жәрдем шақыру, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, елді мекен шегінде объекті салуға жер учаскесін беру сияқты көп сұранысқа ие қызметтер бар.
Қоғамдық мониторингке 17 аймақтан 14 мыңнан аса респондент қатысқан. Олардың жауаптары мен бағалары мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасының деңгейін айқындайды.
Ең маңыздысы, зерттеулерге қатысқан азаматтардан алынған ұсыныстар мен ескертпелер негізінде әкімшілік кедергілерді жою, мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру бойынша қорытындылар мен ұсынымдар әзірленеді.
Осылайша, 65 мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалаудың орташа баллы 4,73 баллға тең болып, қанағаттану деңгейі – 74,8% құраған.
ЖАО мен ОМО қызметтерін өңірлер рейтінгіне сәйкес Қызылорда (4,87), Ақмола (4,80), Шығыс Қазақстан (4,80) және Солтүстік Қазақстан (4,80) облыстары ең жоғары позицияларға тұрақтаған.