« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қазақстанға коронавирустың келу тәуекелі жоғары. Бұл туралы бүгін БАҚ өкілдерімен кездескен ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазақстанда коронавирус болған жағдайда оны жасырып отыру мүмкін емес. Қазір елімізде коронавирус жоқ. Бірақ, ол Қазақстанға келмейді деп айта алмаймын. Оның себебі – тәуекелі өте жоғары. Біз елімізде осындай науқастар болса, инфекция таралса деп қажетті шараларды дайындап жатырмыз. Ол дайындық өте маңызды. Өздеріңізде көріп отырсыздар, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, басқа да мемлекеттердің басшылары ең маңызды мәселе – алдын алу еккендігін айтып жатыр. Мәселен, бүгін Германия Үкіметінің басшысы елде эпидемия басталғандығын жариялады», - деді министр.
Оның атап өтуінше, коронавирус дүниежүзіне жылдам таралып жатқан инфекциялық ауру саналады.
«Бұл инфекцияның ерекшелігі сонда. Бірақ, жұқтырған адамның барлығы өліп кетеді деу дұрыс емес. Оған сенбеңіздер. Жалпы, басқа да инфекциялық аурулар бізде жыл сайын болады. Қызылша, тырысқақ келеді. Мұндай жағдайда нақты шаралар санитарлық қызмет тарапынан қабылданады. Заңға сәйкес санитарлық қызметтің мұндай мүмкіншілігі бар. Санитарлық дәрігер айтқан кеңестерді қолдау керек. Сонда қауіпті жағдайды төмендетуге мүмкіндік болады. Үрей шақыратын, қорқатын ештеңесі жоқ. Бұл кәдімгі инфекциялық ауру. Көз жұмғандардың саны 100 адамның ішінде 3 пайыз ғана. Оның көбісі созылмалы аурумен ауыратын қарт адамдар, иммуниетті төмен адамдар. Балаларымыз ауырып, қайтыс болады деген фейк ақпарат. Оған сенбеңіздер. Бүкіл қажетті ақпаратты беріп тұрамыз. Соны тыңдап, бақылауда ұстау қажет. Басқа тараған ақпаратқа сенбеңіздер», - деді Елжан Біртанов.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |