Қызылорда облысы мал
шаруашылығын ғылыми негізде дамытуға көшті, деп хабарлайды "Сыр бойы" газетінің сайты ауылшаруашылығы басқармасына сілтеме жасап.
Басқарманың мәлімдеуінше, мал шаруашылығын ғылыми негізде дамыту мақсатында еліміздің алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтарымен (Батыс Қазақстан облысы Жәңгір хан атындағы Университет ғалымдарымен) инвестициялық жобалар бойынша 5,0 млн. теңгеге конкурс өткізілді. Мал тұқымын асылдандыру үшін селекциялық жұмыстарды жетілдіруге қазақтың ақ бас сиырының және еділбай қойының селекциясын жүргізуге нақты келісім жасалған.
Сонымен қатар Оңтүстік Батыс егін және мал шаруашылығын дамыту Ғылыми зерттеу институты мамандарымен әлемдік нарықта сұранысқа ие болып отырған қаракөл қойының көк түсін өсіру мақсатында ғылыми жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты Ресейдің Астрахань облысынан және Жамбыл облысының Талас ауданынан 180 бас қаракөл қойының көк түсті қошқарын 3 шаруашылықта пайдалануға келісім шарт жасалды.