«Jas Otan» жастар қанатының төрағасы облыс жастарымен кездесті

«Jas Otan» ЖҚ төрағасы Елнұр Бейсенбаев Қызылорда облысына іс-сапары аясында «Абзал и К» ТС зауытының жас мамандарымен кездесті. Кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен танысқан Елнұр Сабыржанұлы жас мамандардың 2025 жылға дейінгі «Jastar Otanga!» бағдарламасына ұсыныстарын тыңдап, пікір алмасты.

«Абзал және К» ТС – ауылшаруашылық саласында, оның ішінде еліміздің күріш индустриясы саласында қарқынды дамып келе жатқан компанияларының бірі. Компания республика бойынша күріш өндірісі үздіктерінің үштігіне кіреді. Өз өнімдерін Қазақстанмен қатар Ресей, Әзербайжан, Украина, Түркменстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолия, Қырғызстан, Ауғанстан мемлекеттерінің нарығына шығарады. Айта кету керек, «Абзал және К» ТС зауытында 400-ден астам қызметкер жұмыс жасайды, оның 70%-ын 22-29 жас аралығындағы жас мамандар құрайды.

«Jastar Otanga!» бағдарламасына ұсыныстар жинау мақсатында кездесу Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті және М.Мәметова атындағы жоғары педагогикалық колледжінде жалғасты.

Кездесу қонағы Елнұр Сабыржанұлы жастарға байланысты көкейтесті мәселелерді, жасотандықтар алдында тұрған келелі міндеттерді айта келіп, студенттердің сұрақтарына жауап берді. «Jas Otan» Жастар қанатына қабылданған оқу орнының белсенді жастарына куәлік табыстады.

Екі күнге созылған іс-сапар барысында«Jas Otan» ЖҚ Төрағасы Елнұр Бейсенбаев Жалағаш және Сырдария аудандарына барды.

Жалағаш ауданы әкімі Қайратбек Сәрсенбаевпен кездескен  Елнұр Сабыржанұлы аудан жастарының жұмыстарымен танысып, пікір алмасты. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұйымдастырылған «Қазақ халқының сөнбес жұлдызы» әдеби танымдық кешке қатысып, үздіктерді марапаттады.

Сонымен қатар, аудан жастарымен ашық сұхбат жүргізіп, «Jastar Otanga!» 2025 бағдарламасына бірқатар ұсыныстар жинақтады.









 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 ақпан 2020 г. 599 0