Коронавирус Норвегияға жетті

Норвегияда коронавирус жұқтырудың алғашқы жағдайы расталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оны 26 ақпан күні кешке елдің денсаулық сақтау министрі Бент Хойе растаған болатын. Вирус жұқтырған пациент - Норвегияның солтүстігінде орналасқан Тромсё қаласының тұрғыны. Келіншек демалыс күндері Қытайдан оралған. «Жеке тексеруден кейін сынама алынды, оның біріншісі теріс нәтиже көрсетті, бірақ соңғысы аз мөлшерде оң нәтиже көрсетті», - деді Норвегияның қоғамдық денсаулық сақтау (FHI) департаментінің өкілі Лайн Волд Ослода өткен шұғыл баспасөз конференциясында. Оның айтуынша, қазіргі уақытта коронавирус жұқтырған әйел үй жағдайындағы карантинге жіберілген, оның жағдайы жеңіл ауру ретінде бағаланды. Департамент өкілдері оның басқа адамдарға жұқтыру ықтималдығы төмен екенін атап өте отырып, келіншектің Норвегияға келгеннен кейін байланыста болған адамдарын анықтауда. Сондай-ақ Л.Волд инфекция жұқтырудың жаңа жағдайлары болса, олар да шұғыл карантинге жіберілетінін айтты. Автор: Ілияс Омаров


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 ақпан 2020 г. 210 0