Қызылордада «Мотоцикл – бұл сізге велосипед емес!» акциясы өтуде, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Мотоцикл – бұл сізге велосипед емес!» акциясын өткізуге прокурорлар бастама көтерді. Аталмыш акция облыстың Қазалы ауданынан басталды.
«Мотоциклдерді жұрт қалай болса, солай пайдаланады, әсіресе ауылды жерлерде. Адамдар оларды еш құжатсыз сатып алады және сатып жатады, шлемсіз жүргізеді, қайтадан өзгертіп, оған қосымша арба, тағы басқа бірдеңелерді тіркейді. Ал заң болса азаматтарға мотоциклге кәдімгі көлік секілді қарауды міндеттейді», - дейді Қазалы ауданының прокуроры Ғалым Едігеев.
Заңды елемеген мотоциклшілерден астындағы көлігі тартып алынып, айыппұл тұрағына қойылуда. Сондай-ақ кейбіреулеріне мотоциклдің құжаттарын түгендеу де тапсырылды.