Педагогтар Steam-білім беруді меңгеруде

Бүгін Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен «Оқыту мен оқудағы STEAM білім берудің ерекшеліктері» тақырыбында қалалық семинар өтті.  Оқытудың заманауи технологиясы бойынша педагог қызметкерлердің кәсіби дамуына ықпал етуге бағытталған шарада Қызылорда қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 55 пән мұғалімі тәжірибе алмасты.

Алдымен педагогтердің STEAM білім беру бойынша түсініктерін және олардың қажеттіліктерін анықтайтын сауалнама жүргізіліп, соның негізінде шара барысында қажеттіліктер ескерілді.

Педагогикалық шеберлік орталығы тренері «Оқу және оқыту үдерісінде STEAM білім берудің тиімді жолдары» интерактивті таныстырылым арқылы STEAM білім беруді теориялық тұрғыда талдап, STEAM негізінде білім берудің картасы, оның артықшылығы жайлы құнды ақпараттар берді.

Теориямен қаруланған мұғалімдерге келесі бөлімде облыс мектептерінің тәжірибесі таныстырылды. №9 мектеп-гимназиясының информатика пәні муғалімі Калдыгул Ембергенова «STEAM білім беру мектеп тәжірибесінде», №3 мектеп-гимназиясының IT бағдарламашысы Оразбахов Айбек «Сабақтағы жаңаша IТ приложениялар» тақырыптарындағы шеберлік сағаттарда мектепте STEAM технологиясын тиімді қолдану жолдарын өз тәжірибелері негізінде көрсетті.

Содан соң Зияткерлік мектептің мұғалімдері «Дизайнды ойлау» негіздері» тренингін өткізіп, жаратылыстану ғылымдары мен технологиялар, инженерия, өнер мен математиканы кіріктіріп оқытудың кешенді тәсілдің аспектілерін меңгертуге бағытталған практикалық жұмыстар жүргізді.

Соңғы бөлімде қатысушылармен пәндер бойынша көлдеңен жоспарлау үдерісі ұйымдастырылып, кері байланыста мұғалімдер STEAM білім беру жайлы толық ақпараттанғандарын айтып, өз тәжірибелеріне енгізуде жаңаша тәсілдерді алғандарынатап өтті.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 ақпан 2020 г. 366 0