Нұрман Талқанбаев: "ХҚКО табалдырығын тоздырып жүргендер әлі көп"

Қармақшыда электронды қызмет көрсету үлесі 93,5 процентті құрап отыр. Бұл туралы қызмет сапасы мәселесі талқыланған аудандық қоғамдық кеңес отырысында айтылды.

«Алайда, тиісті заңнама талаптарының бұзылған жағдайлары кездесті. Ол негізінен аудандық сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімінде, жұмыспен қамту орталығында тіркелген", – деді мемлекеттік қызмет істері департаментінің басқарма басшысы Ғалымжан Ілкібаев.

Департамент басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Нұрман Талқанбаев электронды форматта қызмет алуды насихаттау шараларын күшейту керектігін айтты.

"Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаев Жолдауында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 2019 жылы – 80, 2020 жылы кемінде 90 процентін электронды форматқа көшіруді тапсырды. Қазіргі күні азаматтардың үйден шықпай-ақ мемлекеттік қызмет алуына жағдай жасалған. Дегенмен, әлі де халыққа қызмет көрсету орталықтарының табалдырығын тоздырып, өзінің қымбат уақыты мен қаржысын шығындап жүргендер көп», - деді ол.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 ақпан 2020 г. 341 0