Бүгін облыстық «Жастар ресурстық орталығы» ерекше сайыс ұйымдастырды. «Мақсұт» мейрамхана кешенінің қолдауымен қалада алғаш рет даяшылардың кәсіби шеберлігі шыңдалды.
Сайысқа қаладағы «Лофт», «Арай club», т.б мейрамханалардан даяшылар қатысып, 3 кезең бойынша бақ сынады. Қазылар алқасына шын жүйрікті анықтау қиынға соқты. Себебі, олар мәзірді алып келіп, тапсырыс қабылдау, тағамдарды жеткізудің сан қырымен танысып, бұл мамандықтың ауыртпалығын сезінді.
Нәтижесінде Жәнібек Қалтай мен Әйгерім Елшібек І орынды иеленсе, Айбек Айтмахан ІІ орынға лайықты танылды. Жеңімпаздарға диплом мен арнайы кубоктар табысталып, қатысушылар Алғыс хатпен марапатталды.
Расымен, мейрамханадағы сервисті дамыту – бизнесті көркейтудің бір тетігі. Кәсіпкерлер мұны қаперден шығармақ емес. Мұндай шара осы мамандыққа қызығушылардың ынтасын да одан әрі арттырады.