Қазгидромет 25-27 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері Сібір антициклонының жотасымен жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады, бірақ Қазақстанның көптеген аймақтарында түнде және таңертең көріну қашықтығын 500 м-ден де нашарлататын тұман күтіледі. Республиканың батыс аймақтарына жауын-шашын және көктайғақпен атмосфералық фронттар ығысуда. Бұл фронттар кезекті Атлантикалық циклонмен байланысты, сондықтан жауын-шашынмен қатар ауа температурасының жоғарылауына алып келеді. Фронттардың батыстан шығысқа жылжуымен жауын-шашын мен көктайғақ Қазақстанның қалған бөлігінде де күтіледі. Алдағы үш тәулікте ауа температурасы климаттық нормадан 4...12°C аномальді жоғары болады.