« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті жеке жаңалықтар орналастыруға арналған telegram каналын ашты. Енді онда денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер жарияланатын болады.
Атап айтқанда, осы канал арқылы жазылушылар адам денсаулығына әсер ететін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі; медициналық қызметтер, дәрілік заттар және бұйымдар сапасы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету; азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың техникалық регламенттерін бақылау сияқты ақпараттармен қамтылатын болады. Сонымен қатар, коронавирус инфекциясына қатысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде соңғы жаңалықтар да осы арнада жарияланатын болады.
Аталмыш арна халықты жедел ақпараттау мақсатында ашылып отыр. Бұл әр жазылушыға өзіне оңтайлы түрде нақты ақпаратты уақтылы алуға мүмкіндік береді.
Комитеттің telegram-каналында мәтіндік ақпараттан басқа бейне-контент, инфографикалар, әлеуметтік сауалнамалар орналастырылады.
Комитеттің арнасына келесі сілтеме арқылы (t.me/kkkbtu) жазылуға болады.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |