« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Бүгін Қазалы ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Комиссияның күн тәртібінде жоспарға сәйкес 1 мәселе, жоспардан тыс 1 мәселе қаралды.
Комиссия отырысын аудан әкімі Мұрат Ергешбаев ашып, жүргізіп отырды.
– Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында полицияның мемлекеттік күштік құрылымындағы бейнесі бірте-бірте өзгеріп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін азаматтарға қызмет көрсететін органға айналатындығын атап өтті.
Біз өз кезегінде ауданымызда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, аталған міндеттердің жүзеге асырылуына белсенділік танытуымыз керек. Сол кезде ғана, қоғам тарапынан білдірілген сенім деңгейі және халықтың өзін қауіпсіз сезінуі арта түсетіні сөзсіз, – деді аудан басшысы.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша аудандық полиция бөлімінің бастығы Сәбитбек Арынов баяндап, 2019 жылдың қорытындысымен өсім алған қылмыстар туралы айтып берді.
Сондай-ақ, Сәбитбек Жандарбекұлы комиссия отырысына «Қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы» ұсыныспен пада ұйымдастыру мәселесін енгізуді сұрап, осы бағытта атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |