Ардагердің ақ батасы

Әсемкүл Нұрхабаева –  97 жастағы тыл ардагері. Ел амандығы үшін аянбай тер төккен  оның ерлігі бүгінгі бейбіт күннің кепілі десек, қателеспейміз. "Кәусар" мамандар орталығы" ҚБ ұйымдастыруымен облыстық еріктілер штабының мүшелері ақ жаулықты әжелерімен  кездесіп, ерекше құрмет көрсетті. "Үлкенді сыйлау – ұлылық" деп білетін жастар ардагердің үй шаруасына қолғабыс жасап, арнайы сый-сияпатын табыстады. 
Ардақты ардагер естеліктерімен, өнегелі өсиеттерімен бөлісті. Ақ батасын беріп,  ынтымағы жарасқан жастардың алар асуы мол екенін айтты. 
"Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең» дейді даналарымыз. Расымен, жас ұрпақтың өнегелі қариялардан үйренері мен алар тәлімі көп. Елдің басын қосып, ауызбіршілік пен татулыққа ұйытқы болатын кемеңгер ардагерлеріміз аман болсын!
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 ақпан 2020 г. 377 0