Алғыс айту күніне орай мерекелік шара өтті

Алғыс айту күніне орай Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылының ұйымдастыруымен «Алғыс шын жүректен» мерекелік концерті өтті.

Шара балалар үйінің жеткіншектері әзірлеген ерекше көрмені тамашалаудан бастау алды.

Мерекелік шара аясында «Атамекен» балалар ауылының директоры Лиза Ноғайқызы және «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Асылбек Жұмабаев сөз сөйлеп, қатысушыларға алғысқа толы лебіздерін білдірді.
Ал балалар келген қонақтарға арнап өздері дайындаған сыйлықтарын табыстады. Онан әрі балалар өнерлерін ортаға салып, «Ризамын халқыма» сахналық көріністерін ұсынып, көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Мейірімділік пен ізеттілікке толы кештің соңында балалар қолдарына алғыстары жазылған шарларын қонақтармен бірлесіп көкке ұшырды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 ақпан 2020 г. 289 0