Димаш Құдайберген жылдың ең көрікті ер адамы атағына ұсынылды

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген TC Candler 100 Most Beautiful list тәуелсіз сарапшылары нұсқасы бойынша 2020 жылдың ең көрікті ер адамы атағына ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы сәтте Димаш аталған рейтингінің инстаграм-аккаунтында 6,5 мың лайк жинап үлгерді.

Айта кетейік, ел атынан бақ сынап жатқандардың ішінде Димаш жалғыз емес. Бұл додаға MadMen Q-Pop тобынан Рахат Масақбай, Ninety One тобынан Азамат Ашмақын және әнші Ziruza қатысып жатыр.

TC Candler ойын-сауық платформасы жыл сайын әлемнің 100 ең көрікті ер және әйел адамын таңдайды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 ақпан 2020 г. 303 0