Тауары ҚХР-мен шекарада тұрып қалған кәсіпкерлер үшін жедел желі қосылды

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Қытаймен шекараның жабылуына байланысты қазақстандық бизнесмендер үшін жедел желі ашты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дағдарысты жағдайларды болдырмау үшін Қытаймен жұмыс істейтін кәсіпкерлер, егер олардың жүгі, тауары немесе шикізаты ҚХР-мен шекарада тұрса, сыртқы сауда палатасына сұраныспен жүгіне алады. Жедел желі кәсіпкерлердің өтініштерін есепке алу және ден қою, сондай-ақ оларға қажетті көмек көрсету үшін жұмыс істейтін болады. Кәсіпкерлер палатасының call-орталығына 1432 нөмірі бойынша немесе WhatsApp (+7 707 909 0152) нөміріне хабарласуға, сондай-ақ onlinevpk@atameken.kz электрондық поштасына жазуға болады. Жұмыс күндері өтініштерді қабылдау 9:00-ден 19:00-ге дейін жүргізіледі.
Жедел желі сондай-ақ ҚХР-да импорттық-экспорттық операциялар бойынша форс-мажор жағдайларының болу-болмауына байланысты сұрау салулар үшін пайдаланылатын болады. Сондай-ақ, кәсіпорындарға көмек көрсету мақсатында Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы өңір кәсіпорындарының қызметіне коронавирустың әсері туралы мәліметтерді әзірлеуде.
Сұраныстарға қатысты нәтижелі жұмыс жасалуы үшін Қарағанды облысының Қәсіпкерлер палатасының өкілдері міндетті түрде өтініште: аты-жөні, компанияның атауы, кәсіпорынның тікелей залал сомасы, кәсіпорын пайдасын және байланыс деректерін көрсетуді сұрайды. Ақпарат мына электрондық мекенжай бойынша қабылданады: e.mahmutov@atameken.kz, байланыс телефоны 8 (7212) 506-411.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 ақпан 2020 г. 357 0