« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен кезекті брифингте «Қызылорда су жүйесі» МКК басшысы Марат Жамиев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне өзі басқаратын кәсіпорынның тыныс-тіршілігі жайлы айтып берді.
Оның айтуынша бүгінгі таңда тұтынушыларға күніне 42,7 мың текшеметр көлемінде су беріліп тұр. Ал жаз айларында бұл көрсеткіш екі еседей көбейеді. Судың сапасына қатысты белгіленген кесте бойынша бактерологиялық сараптама уақытылы жасалып тұрады. М.Жамиев су сапасына байланысты соңғы үш айда 19 арыз түскенін мәлімдеді. Олардың барлығы да “Арай-2” және “Арай-3” шағын аудандары тұрғындарынан түскен. Ауызсу желісіндегі қысым көбейген кезде осы аудандардағы үйлерге лайланған су келе бастаған.
Осыған байланысты «Қызылорда су жүйесі» мен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мамандарынан құрылған комиссия келесі жағдайды анықтады. Осы аудандарға су құбырларын жүргізген мердігер мекемелер кезінде құрылыс талаптарын сақтамаған болып шықты. Құрылыс жүріп жатқанда су көзіне жалғағанға дейін құбырлардың екі жағы бітеулі болуы тиіс. Бұл талаптар сақталмағандықтан, оның ішіне құм, топырақ түсіп, сол күйінше жалғанып кеткен. Құбырдағы қысым аз кезде ол байқалмай, қысым көтерілген уақытта зардабын тигізген. Оларды тазарту жұмыстары жүргізіліп, қазіргі күндері су сапасы қалыпқа түскен.
Кәсіпорынға қарасты 800 шақырым су құбырының 20%-ін жаңадан жүргізу қажет. 400 шақырымдық кәріз жүйесінің де осынша бөлігі ескірген. Бұл бағытта жоспарланған жұмыстар атқарылатын болады. «Қызылорда су жүйесі» МКК жұмысшыларына өткен жыл жалақысы бойынша қарызы жоқ. Алайда қаңтар айының жалақысы бойынша әлі де 30 млн теңгедей берешегі бар. Кәсіпорын басшысы жақын күндері бұл мәселе толығымен шешімін табатынын жеткізді. Сонымен бірге ол соңғы уақыттары кәсіпорын қызметкерлері тұтынушылардың үйіне келіп төлемақы жинамайтынын мәлімдеді. Енді тұтынушылар тек кәсіпорын кассаларына ғана төлеуі тиіс. Ал 2017 жылы төмендетілген ауызсу тарифі наурыз айында бұрынғы деңгейіне қайта көтерілуі мүмкін.
Ыдырыс ТӘЖІҰЛЫ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |