« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Елімізде Салық кодексіне енгізілген бірқатар өзгерістер қолданыла бастады. Алайда, бұл өзгерістер туралы білікті мамандар түсіндірме жұмыстарын жүргізбесе, жергілікті жердегі сала қызметкерлеріне түсіну оңайға соқпайды. Облыстық әкімдіктің мәжіліс залында Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті кәсіпкерліктің жеке түрлеріне салық салу басқармасының басшысы Гүлмира Смағұлова бастаған мамандардың қатысуымен өткен семинар осы мақсатта ұйымдастырылған болатын. Семинарда Г.Смағұловамен қатар оңалту және банкроттық басқармасы басшысының орынбасары Айжан Бозаева, осы басқарманың бас сарапшысы Балғын Ханділдә, өндірістік емес төлемдер басқармасының бас сарапшысы Дархан Бейсенәлиев жергілікті мамандарға салық заңнамасындағы өзгерістер туралы айтып берді.
Комитет мамандары түсіндіріп өткендей, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап, 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін бірқатар отандық салық төлеушілер салық төлеуден босатылды. Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында микро және шағын бизнесті үш жылға табыс салығынан босату туралы тапсырмасы бойынша қолға алынған шара. Ол шағын және орта бизнес өкілдерінің салық жүктемесін жеңілдету мақсатын көздейді.
Заңнамаға сәйкес микробизнес – 15 адамға дейінгі жұмысшысы бар және жылдық табысы 30 мың АЕК (79 млн теңге) дейінгі жеке кәсіпкер. Ал шағын бизнес – 100 адамға дейінгі жұмысшысы және 300 мың АЕК (795 млн теңге) жылдық табысы бар жеке кәсіпкер мен заңды тұлға. Табысқа салынатын салық – заңды тұлғалар үшін корпоративтік табыс, жеке кәсіпкерлер үшін жеке табыс, шаруа немесе фермер қожалықтары үшін бірыңғай жер салығы. Сондай-ақ оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі – (АСР) қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін әлеуметтік салық. Барлық қалған салықтар мен төлемдер міндеттемелер туындаған кезде төленеді. Бұл ретте, салық төлеуден босату арнайы салық режимдерін (АСР) қолданатын шағын және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылады.
Салық кодексіндегі өзгеріске сай, патентті қолдану құқығы бойынша көрсетілетін қызмет түрлерінің (32 қызмет түрі) тізімі жарияланған. Сонымен қатар, 12 түрлі қызметке патентті қолдануды алып тастау қарастырылған. Мақсат – бейресми еңбек қатынасын болдырмау және нақты кірістерді жасыруға жол бермеу. Сонымен бірге, өзгерістер көлеңкелі бизнесті ашыққа шығарып, жалдамалы жұмыскерлерді заңдастыруға бағытталған. Онда жалдамалы қызметкерлерді тартусыз жүзеге асырылуы мүмкін емес қызмет түрлері бойынша табыс табуға патент талап етілмейді. Мысалы, тәулік бойы сауда, азық-түлік сату, базарларда сауда жүргізу және тағы басқа. Мұнда халықаралық тәжірибеге сай ұсақ қолөнершілерге қойылатын салықтық тәртіп негізінде кірісті қадағалауды және жалдамалы жұмысшыларды бақылауды күшейту көзделген.
Рұқсат етілген тізімге енбеген қызмет түрлерін көрсететін кәсіпкерлер салық төлеу тәртібін өзгертуі керек. Олар 2 түрлі тәртіптің бірін таңдайды, яғни, жеңілдетілген декларация негізіндегі немесе тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық тәртібі.
Өзгерістерге сай бірыңғай жер салығын төлеушілер (БЖС) кірістен жеке табыс салығын, жер салығын, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді, көлік құралдары салығын және мүлік салығын (белгіленген шектерде), әлеуметтік салықты, қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемдерді төлеушілер болып есептелмейді. Сонымен қатар, жаңа жылдан бастап тіркелген салық заң жүзінде жойылды. Тіркелген салық төлеушілер салық салудың басқа режимдеріне көшуге және тіркелген салық салу объектілерін есептен шығаруға міндетті.
Семинарға қатысушылар сондай-ақ оңалту рәсімін қолдану үшін ақшалай міндеттемелердің мөлшеріне және олардың орындалмау ұзақтығына талап қойылмайтыны туралы хабардар болды. Оңалту рәсімін қолдануға жеке кәсіпкерлер де мүмкіндік алып отыр. Ал банкроттық туралы іс қозғау үшін кәсіпкерлік субъектісіне активтердің алдындағы міндеттемелердің тұрақты асып кетуі туралы мәліметтер болса жеткілікті. Заң қағидалары кепілді кредиттер мен әлеуметтік бағыттағы кредиторлар мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз етеді.
Семинар соңында қатысушылар өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар алды.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |