Үйреншікті заттардың барлығы бірдей біз ойлағандай қолданыла бермейді. Бұл, әсіресе, тамақ пісіру кезінде күнделікті пайдаланатын ас үй жабдықтарына қатысты. Көпшілік ас үйдегі қандай заттарды дұрыс қолданбайды?
1. Сарымсақ сыққыш
Сарымсақ – көптеген азық-түлікпен үйлесім табатын әмбебап дәмдеуіш. Оның үстіне сарымсақтың адам денсаулығына пайдасы зор. Алайда оны тазарту жағымсыз процесс екенімен көпшілік келіседі. Себебі оның қабығы сарымсақтың өзіне, кейде қолға шырыштанып жабыса береді. Сондықтан сарымсақтың қабығын ашымай-ақ оны сыққышқа салып жіберуге болады. Сарымсақ сыққыш тек сарымсақты езуге арналмаған, ол сонымен қатар оны қабығынан тазарта алады. Ол үшін сарымсақтың басы мен түбін пышақпен кесіп жіберіңіз, содан соң сыққышқа салыңыз. Оны сыққан кезде сарымсақтың қабығы бер жағында қалып қояды.
2. Пештің астындағы текше
Әдетте, ас үй ханшайымдары пештің астындағы текшеге ас үй жабдықтарын сақтайды: ол жерде табалар, қақпақтар және т.б заттар жатады. Ал кей үйлерде ол мүлдем қолданылмайды. Себебі көпшілік оның не үшін арналғанын біле бермейді. Негізінде өндірушілер оны жаңа піскен тамақты уақытша сақтауға арналған орын ретінде жасаған. Тамақ пісіру кезінде бұл жерге жылу жиналады, сондықтан ол жерге салған тамақ баяу суиды. Жаңа піскен тамақты дастархан дайын болғанша немесе адамдар жиналғанша пештің астындағы текшеге салып қойсаңыз, оны отбасы мүшелеріне ыстық күйінде ұсына аласыз.
3. Блендер
Блендерді дұрыс қолданбайтындай ол соншалықты көп функциялық зат емес. Алайда көпшілік оны қолданғанда азық-түлікті ұсақтау реттілігін дұрыс сақтай бермейді. Мысалы, адамдар смузи дайындарда қажетті ингредиенттердің барлығын бірге блендерге сала салады. Бірақ блендерге азық-түлік салудың өз реттілігі бар: алдымен жұмсақ немесе сұйық өнімдер, ал соңынан қатты көкөністер мен жемістерді салыңыз. Егер қатты заттарды бірінші немесе барлығын бірге салып жіберсеңіз, блендер пышағы оны ұсақтауға қиналады немесе қоспаны біртекті ете алмайды.
4. Спагеттиге арналған қасық
Егер ас үйіңізде тістері үлкен және ортасында қуысы бар қасық болса, сізде де спагеттиге арналған қасық бар екенін біліңіз. Көпшілік әйел оны сүзекінің бір түрі ретінде қабылдап, онымен ыстық судағы макаронды алуға пайдаланады. Кейбіреулер оның көмегімен қайнап жатқан ұзын макарондарды бір-бірінен ажыратады. Негізі бұл қасықтың ортасындағы қуыс спагеттидің үлесін өлшеуге арналған. Бұл қуысқа шамамен 80 г спагетти сыяды. Бұл бір адамның үлесіне арналған эталондық өлшем екен.
5. Таба сабындағы тесік
Таба сабындағы тесіктің не үшін керегі жайлы кең тараған пікірдің бірі – табаны қабырғаға іліп қою. Иә, оны бұлай да қолдануға болады. Бірақ оның бастапқы мақсаты тесікке тамақ араластырып отырған қасықты қыстырып қою болатын. Сондықтан қасықты қоюға тәрелке шығармай-ақ та үстел үстін таза ұстауға болады. Сол секілді кәстрөл немесе басқа да ыдыстардың сабындағы тесік қасық немесе ожау қыстыруға арналған.