Биыл ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге дизель қандай бағамен беріледі?

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Айдарбек Сапаров биыл ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге дизель отыны нарықтағы бағадан 10 пайыз арзанға берілетінін мәлім етті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Биыл Энергетика министрлігімен келісім бойынша егіс жұмыстарын жүргізуге ақпан-маусым айларында шамамен 387 мың тонна дизель отыны бөлінді. Ауа райының күрделі жағдайларын ескере отырып, облыстардың өтінімі бойынша қосымша 10 мың тонна бөлініп отыр. Бұл барлық өңірлердің дизель отынына қажеттілігін толық қанағаттандыруға мүмкіндік береді», - деді Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен алқа мәжілісінде.
Вице-министр бұл ретте республика аграршыларына энергетика министрлігі қолдау көрсетіп отырғанын жеткізді.
«Қазір кесте Ауыл шаруашылығы министрлігі және Энергетика министрлігімен келісіліп, жұмыс істеу үшін өңірлерге жіберілді. Биыл ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін дизель отынының бағасы литріне - 177 теңге (ЖҚС-да литрі - 195 теңге) болады. Бұл нарықтағы бағадан 10 пайыз арзан», - деді ол.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 ақпан 2020 г. 258 0