АҚШ-та отқа оранған ұшақтың қонып жатқан сәті видеоға түсіп қалды
Желіде АҚШ-тың Флорида штаты Дейтон-Бич халықаралық әуежайында ұшақтың апаттық жағдайда қонып жатқан видеосы пайда болды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Видеодан ұшақтың артқы бөлігінің жанып жатқанын көруге болады. Салдарынан лайнер шассисіз қонды. CBS мәліметінше, бортта екі адам болған. Олардың ешқайсысы зардап шекпеген.