Липосакция жасатқан көпбалалы ана қайтыс болды

Алматылық сот-медициналық сараптама маманы әйелдерді липосакция жасатпауға шақырды. Соңғы жылдары ол артық майды алып тастағаннан кейін қайтыс болған төрт әйелге сараптама жүргізген, олардың қатарында төрт баланың анасы да бар болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қазіргі уақытта Тахир Халимназаров тәуелсіз сотмедсараптаушы болып жұмыс істейді. Оның айтуынша, липосакциядан кейінгі екі өлім былтыр күзде, бірі - көктемде және тағы біреуі - бірнеше күн бұрын тіркелген. Барлығы жастайынан өмірден озған. Олар іш майынан арылғысы келген. 

"Төрт күн бұрын маған кеуде және іш липосакциясын жасаған төрт баланың анасы келді. Алайда осындай қауіпті процедура жасатқаннан қайтыс болды, жап-жас (...) өкінішті", - дейді Алматы сот сарапшылары палатасы басшысының орынбасары Тахир Халимназаров.

Дәрігер "майлы эмболия" деп аталатын қауіпті асқыну процесі емделушілердің өміріне қауіп төндіруі мүмкін дейді. Сараптама нәтижесінде барлық әйелдің өкпесі мен ми тамырларында май тамшылары табылған.

"Операция кезінде тері астына енгізілетін арнайы зонд қолданылады. Ол арқылы майды ерітетін дәрі құйылып, содан кейін оны сорып алады. Бірақ осы уақытта тамырлар зақымданады, нәтижесінде май тамшылары көмектамырға сіңеді. Ал ол 50 грамнан астамнан асқанда өмірге қауіп төнеді. Оған реанимация да көметесе алмайды, науқас аман қалған кездің өзінде мүгедек болу ықтималдығы зор", - деді сотмедсарапшы.

Тахир Халимназаров әйелдерді қауіпті процедуралардан, әсіресе мереке қарсаңында бас тартуға шақырады. Қазір липосакцияны жеке медициналық немесе косметикалық орталықтарда жасай бастаған, онда тіпті қауіпсіз операция жүргізуге мүмкіндік беретін жабдықтар жоқ, дейді сарапшы. 

Дәрігер майлы эмболияның даму мүмкіндігі әйелдің жеке ерекшеліктеріне, медициналық орталықтың деңгейіне және дәрігерлердің біліктілігіне, сондай-ақ тікелей операция алдында сапалы тексеру жүргізуге байланысты екенін айтты.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 ақпан 2020 г. 284 0