« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Bilim Foundation» қоғамдық қорының директоры Берік Ракушев пен облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Шолпан Жүнісова «Денсаулық және өмірлік дағдылар» сериясы бойынша балалар мен жасөспірімдер психологиясына арналған кітаптар жиынтығын таныстырды.
Жиынтық 19 кітаптан тұрады. Аймақ мектептеріне 343 кітап жиынтығын тарату қолға алынған.
– «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыратын «Samruk-Kazyna Trust» қорымен әріптестіктің нәтижесінде балалар психологиясына арналған кітаптар шығарылды. Бұл кітаптар балалар мен жасөспірімдерді эмоционалды-психологиялық тұрғыда дамыту мақсатында дайындалды. Қазақ және орыс тілдерінде шығарылған еңбектер қазір қолданысқа берілуде, – деді қоғамдық қор директоры.
Жиынтықтағы кітаптар тақырыбы балалар мен жасөспірімдерде кездесетін ата-аналардың ажырасуы, эмоциялық мәселелер, көшу, мектеп ауыстыру, оған бейімделу, қорқыныш, депрессия секілді қиындықтарға арналған.
Жиынтықты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің республикалық ғылыми-практикалық психикалық денсаулық орталығы мақұлдаған. Бұл мектеп психологтарына көмекші құрал болып саналады.
Шолпан Жүнісова жиынтықтың балалар мен жасөспірімдердің психикалық саулығын арттыруға көмектесетінін, ата-аналар мен мұғалімдерге баламен жұмысты дұрыс ұйымдастыруға үлкен ықпал ететінін айтты. Кітап жиынтығы қалалық мектептерге екі данадан, аудандық білім ұяларына бір данадан беріліп, облыстың 288 мектебі және 7-10 сыныптардың 37000-нан астам оқушысы қамтылады деп күтілуде.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |