« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақовтың халық алдындағы есеп беру кездесуінде Сырдария өзенінің сол жағалауынан онкологиялық бөлімі бар көпбейінді облыстық аурухана құрылысы салынатыны айтылды. Заманауи құралдармен жабдықталған аурухананы Үкіметтің кепілдігімен Еуразиялық даму банкінің қаржысына салу жоспарлануда.
Денсаулық сақтау саласында «2019-2025 жылдарға арналған денсаулық сақтау нысандарының өңірлік перспективалық даму жоспары» бекітілді.
- Былтыр апаттық жағдайдағы денсаулық сақтау нысандарының орнына Шиелі ауданаралық ауруханасы пайдалануға берілді. Жалағаш ауданында жаңа аурухана құрылысы жүргізілуде. Сонымен бірге, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде жеті дәрігерлік амбулатория қолданысқа берілсе, облыстық көпбейінді аурухана мен Қазалы ауданаралық ауруханасына ангиографиялық қондырғы орнатылды. Облыстық бюджеттен 2,7 млрд теңге бөлініп, медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық қамтылуы 85,3 пайызға жеткізілді, - деді Қ.Ысқақов.
Бүгінде облыста дәрігер тапшылығын шешу мақсатында 2019 жылы 95 маман тартылып, қамту көрсеткіші 82 пайызға жетті. Бүгін күні 159 маман жетіспейді. Маман тапшылығын шешу мақсатында 20 маманды резидентураға және 30 маманды бакалавриатураға оқыту үшін облыс әкімдігінің гранты бөлініп келеді.
Сонымен бірге, биыл 8 дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілетін болады.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |