Жол ережесін бұзған жасөспірім екі жылға сотталды

Жол ережесін бұзған жасөспірім екі жылға сотталдыКөлік айдап, жол ережесін бұзған жүргізуші сотталды, деп хабарлайды Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі.
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған сотталушы Б.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Дәлірек айтқанда, көлік тізгіндеген ол жол ережесін өрескел бұзып, қарсы бағыттағы автокөлікке соқтығысады, нәтижесінде жәбірленуші ауруханада жан тапсырған. Оның үстіне, жасөспірімнің көлік құралын жүргізуге құқығы да болмаған.
Сот үкімімен кәмелетке толмаған сотталушы ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айрылды. Сондай-ақ оған Қылмыстық Кодексінің 82 бабында көзделген тәрбиелік мәні бар мәжбүрлеу шаралары қолданылды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 тамыз 2014 г. 777 0