«Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында жергілікті тұрғындар ақбөкен мүйізімен қолға түсті. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 10-17 ақпан аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға арнайы мобильдік топ құрылып, жұмылдырылған.
- 12 ақпан күні Қазалы ауданында тұрғын 4 дана ақбөкен мүйізімен қолға түсті. Аталған дерек бойынша, Қылмыстық кодекстің 339-бабы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Арал ауданында да бір тұрғын 15 ақпан күні көше бойында тоқтатылып, қолындағы күмән тудырған полиэтелен пакеттінен 4 дана киік мүйізі анықталды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодексінің 339-бабы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қызылорда облысының Полиция департаменті аң, балық аулау және ағаштар мен бұталарды кесу талаптарын бұзу, қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру әрекеттері заңнамаға сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеліп соқтыратын ескертеді, –деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.