Бүгін - Халықаралық жастар күні

Бүгін - Халықаралық жастар күні1998 жылдың 8 -12 тамыз күндері Лиссабонда өткен Дүниежүзілік жастар ісі жөніндегі министрлер конференциясының ұсынысымен халықаралық жастар күнін (International Youth Day) БҰҰ Бас Ассамблеясы 1999 жылдың 17-желтоқсаны күні қабылдаған, бұл мереке 2000 жылдан бері аталып келеді.

Халықаралық жастар күні БҰҰ-ның бекітуімен дүниежүзі бойынша жастар жөніндегі бағдарламаларды таратуға арналған. Бағдарламада білім, жұмысқа тұру, кедейшілікпен күрес, денсаулық сақтау, қоршаған орта, есірткі тасымалдау мәселелері қамтылған.

БҰҰ классификациясы бойынша жастардың жас ерекшеліктері - 15 жастан 24 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Демек, қазіргі таңда әлемде 1,2 млрд. жас азамат өмір сүреді. Бұл - бүкіл жер шары халқының 18 пайызы.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 тамыз 2014 г. 1 635 0