Қызылордада түзеу мекемесіне келген сәлемдемеден кептірілген марихуана табылды.
Облыс бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, Қызылорда қаласындағы 169/1 түзеу мекемесінің қызметкерлері мекеме аумағына тыйым салынған зат өткізбек болған адамның қулығын әшкереледі. Тергеу қамауындағы азаматқа танысының сәлем-сауқаты арасындағы 1 литр ыдысқа құйылған айранның ішінен 2 дана полиэтилен пакетке оралған зат табылды. Сот-химиялық сараптама қорытындысына сәйкес ол кептірілген марихуана болып шықты.
Факт бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 1- бөлігімен сотқа дейінгі тергеп- тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.