Қызылордада су факторына байланысты жұқпалы аурулар тіркелген жоқ

Қызылорда облысы халқының 97,4%-і негізінен жерасты су көздерімен қамтамасыз етілген. Қалған 2,4%-і орталықтандырылмаған су көзін және 0,2%-і тасымалданатын суды пайдаланады.
Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті былтыр 147 сумен жабдықтау нысанын ерекше тәртіппен тексерді.  
Сумен жабдықтау объектілеріне ағымдағы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізу кезінде санитарлық ережелерді бұзғаны үшін басшыларға – 28  санитарлық ұйғарым беріліп, 1 464500 теңгеге 53 айыппұл салынды.
2019 жылы «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қызылорда филиалының зертханаларында орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйелерінен алынған физика-химиялық көрсеткіштер бойынша 715 су сынамасы зерттелді, оның ішінде 98 (13,7%) сынама органолептикалық көрсеткіштер, құрғақ қалдық, хлоридтер, жалпы қаттылық бойынша сәйкес келген жоқ.  Бұл сәйкессіздіктер жер асты сулары қорларын толықтырудың болмауына, судың тұздануы, қаттылықтың артуы, хлоридтердің және басқа тұздардың болуымен байланысты.
Ал микробиологиялық көрсеткіштер бойынша 629 сынама зерттелді, оның 45-і (7,1%) жалпы микробтық сан бойынша сәйкес келген жоқ.
Анықталған бұзушылықтарға байланысты дезинфекциялық және жуу жұмыстары жүргізілді, су сапасына екі рет қайта бақылау жүргізілді. Нәтижесінде сәйкессіздіктер анықталған жоқ.
Ауыз судың сапасын бақылау мақсатында облыста зертханалық мониторинг жүйесі енгізілді, оған сәйкес бактериологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеулер жүргізіледі.
2018 жылмен салыстырғанда су сапасы нашарлаған жоқ.2019 жылы Қызылорда облысында су факторына байланысты жұқпалы аурулар тіркелген жоқ.Сонымен қатар «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясындаоблыста 524 км су құбыры және 2,5 км кәріз желілері қайта жаңартылды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 ақпан 2020 г. 487 0