Өрт Қызылордадағы үш қабатты тұрғын үйдегі пәтердің бірінен шықты. Қою түтін арасынан ес-түссіз жатқан 53 жастағы адам құтқарылды. Пәтер иесі көмірқышқыл газына уланып қалған. Ол облыстық медицина орталығына жатқызылды.
«Өрттің шығыны мен шығу себебі анықталуда. Өрттің құжаттары Қызылорда қалалық полиция басқармасына процессуалды шешім қабылдауға жолданды. Жыл басынан бері 34 өрт оқиғасы орын алып, бір адам қаза тапты», - деді облыстық Төтенше жағдайлар департаменті жедел басқару орталығы бастығының міндетін атқарушы Нұрбол Исанов.