« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Ресейде жаңа миллиардер пайда болды. Ол - Revolut қаржы технологиясының 35 жастағы стартапері Николай Сторонский, - деп хабарлайды Forbes.
Басылым мәліметінше, кәсіпкердің жағдайы 500 миллион доллардан (2019 жылдың сәуірінен) 1,6 миллиард долларға ұлғайған. Бұл өзгеріс Revolut банк сервисі ірі инвестицияларды сәтті тартқаннан кейін байқалған. Келесі аптада компания бағасы 6 миллиард долларға өседі деп болжанып отыр.
Сонымен қатар, Сторонскийдің компаниядағы үлесі - 30 пайыз.
Николай Сторонский мен Влад Яценко Revolut стартапының негізін 2015 жылы Ұлыбританияда қалаған. Компания өндіретін тауарлар жиі шетелдік валюта арқылы сауда жасайтын экспаттар мен туристертерге ыңғайлы. Бұл төлем жүргізген кезде, валюталарды айырбастау кезінде ақша үнемдеуге мүмкіндік беретін карта мен қосымша.
Николай Сторонский Мәскеуде туған. Бүгінде ол Лондонда тұрады. Оның қос азаматтығы бар екен, Сторонский Ресей және Ұлыбритания азаматы. Үйленген, екі баласы бар.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |