Қызылордалық студенттер садақ ату ойынының виртуал үлгісін жасап шығарды

Қызылордалық бір топ студент садақ ату ойынының виртуал үлгісін жасап шығарды, - деп хабарлайды "Хабар 24". 
Мұндай толық аяқталған компьютерлік ойын Қызылорда облысында алғаш рет дайындалып отыр, дейді мамандар. Абылайхан Қарсақбай және ағайынды Сұлтан мен Бек Қазилардың 3D туындысы IT мамандардың жоғары бағасына ие болыпты.
Олар бұл ойынды арнайы бағдарламалар негізінде 4 ойын өңдеуге арналған құралдар жиынтығының көмегімен төрт айда құрастырған. Әзірге қызылордалық өрендер ортағасырлық қала сипатында тұрып, садақ ату ойынын ғана виртуал әлемге енгізді. Алдағы уақытта ат үстінен нысана көздеу идеясын да 3D негізінде жүзеге асыруға ниетті екен. "Осылайша компьютер мен смартфонға телмірген жастардың қазақтың ұлттық ойындарына деген қызығушылығын арттырамыз", - дейді жас өнертапқыштар.       "Алда көптеген ойын шығару жоспарымызда бар. Тек VR емес, компьютерге де, ұялы телефонға да шығармақпыз. Қазір 2 жоба дайын тұр, іске асырып жатырмыз. Тоғызқұмалақ, көкпар, асық ату, осы барлық қазақ ойындарының ЗD моделін істеп, ойын шығару жоспарда бар", - дейді студенттердің бірі Бек Қази.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 ақпан 2020 г. 245 0