« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
ҚР Президентінің латын негізді қазақ тілі әліпбиін жетілдіруге қатысты тапсырмасына сәйкес облысымызда жалпыхалықтық талқылау отырысы өтті. Оған жоғары және арнаулы орта оқу орындарының филолог ғалымдары мен оқытушылары, мектеп мұғалімдері, тілдерді оқыту орталығының мамандары қатысты. Отырыста орфографиялық жұмыс тобы әзірлеген әліпбидің жетілдірілген нұсқалары мен өзге де ұсынылған жобалар талқыланды.
Жиын барысында облыстық тілдерді оқыту орталығының оқу-әдістемелік бөлімінің басшысы Ә.Бахытова жаңа әліпби нұсқаларының жобаларын түсіндірсе, филология ғылымдарының докторы, профессор Ж.Сәдуақасұлы, филология ғылымдарының кандидаты Б.Боранбай өз ойларын ортаға салды. Мамандардың пікірлері мен ұсыныстары ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығына жолданады.
«Сб» ақпарат.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |