Қызылордада «Жолда қабылдау» акциясы өтіп жатыр

Қызылорда өңірінде республикалық  «Жолда қабылдау» акциясы өтуде.  
Полиция департаментінің, жергілікті полиция қызметі басқармасы, әкімшілік полиция басқармасының басшылығы, сондай-ақ Қызылорда қалалық полиция басқармасы мен аудандық полиция бөлімдерінің басшылары белгіленген орындарда азаматтарды қабылдап жатыр.
Мобильдік қабылдау кезінде тұрғындарға Армения, Қырғызстан, Беларусь, Ресейден әкелінген көліктердің біздің елде рәсімделу тәртібі, сондай-ақ электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтердің қолжетімдігі туралы құқықтық кеңестер беріліп жатыр.


Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 ақпан 2020 г. 220 0