« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қармақшы ауданында Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде Ауған соғысының аяқталғанына 31 жыл толуына орай шара ұйымдастырылды.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Жарқын Омаров, бөлім басшылары мен тұрғындар қатысты. Басқосу Ауған соғысында ерлікпен қаза болған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алудан бастау алды.
Мұнан соң аудан әкімінің орынбасары Жарқын Омаров ардагерлерге деген құрметін, олардың рухтарына бас иетіндігін жеткізді.
– Кеңес дәуірінің тарихында ең қаралы беттерінің бірі – Ауған соғысы. Жүздеген жас жат елде жан тапсырып, мыңдаған қандасымыз оқ пен оттың ортасынан жарақатпен оралды. Он жылға созылған сұрапыл соғысқа «Бірінші міндет – Отанды қорғау» деп түсінетін, патриот азаматтарымыз аттанған болатын. Жылма-жыл ақпан айында Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, олардың рухтарының алдында бас иеміз. «Ерлік - жан дүниенің ұлы қасиеті» дейді дана қазақ халқымыз. Мемлекет бұйрығын орындап, Отан алдындағы борышын ерлік шежіресімен өтеген Ауған соғысы құрбандары мен ардагерлерін ұлықтау бүгінгі ұрпақтың парызы,–деді ол.
Сонымен бірге Жарқын Тұрмаханұлы Ауған соғысының бір топ ардагерлеріне аудан әкімінің алғыс хатын табыстап, Отан қорғаушы жастарымыздың сенімді де батыл болуы үшін осындай шаралардың пайдасы зор екенін сөз етті.
Сонау ауған жерінде қару асынып, мұң арқалаған сын сағаттарда бірін - бірі бауыр дескен қазақ сарбаздары қазіргі таңда Тәуелсіз еліміздің әлеуметтік - экономикасын нығайтуда еңбек етуде. Иә, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. Ал ерлікті ұлықтау, насихаттап, құрмет көрсету бүгінгі күннің парызы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |