| « Ақпан 2026 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | ||||||
| 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
| 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
| 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
| 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | |
Димаш Құдайбергеннің Ресейдің Краснодар қаласында «Арнау» бағдарламасымен концерті өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат dimashnews сайтына сілтеме жасап.
7500 адамға арналған Баскет-холл залы лық толған. Көрермендердің арасында сүйікті әншісінің жанды дауысына құлақ құрышын қандыруға Ресейдің басқа аймақтарынан келгендер адамдар аз емес.
Фойеде қазақстандық әншінің талантын қадірлеушілер фан-аймақта суретке түсіп, оның фотосуреті бар плакаттарды сатып алып жатты.
Бұған дейін белгілі болғандай, Димаш 16 ақпанда Краснодарда (Ресей), 20 ақпанда Қазанда (Татарстан, Ресей), 23 ақпанда Екатеринбургта (Ресей), 7 наурызда Ригада (Латвия), 9 наурызда Мәскеуде (Ресей), 11 наурызда Киевте (Украина), 19 наурызда Гамбургте (Германия), 21 наурызда Дюсселдорфта (Германия), 23 наурызда Штутгардта (Германия), 25 наурызда Прагада (Чехия), 4 сәуірде Минскте (Беларусь) жеке концертін өткізбек.
| « Ақпан 2026 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | ||||||
| 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
| 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
| 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
| 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | |