«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығы хабарлауынша, 12–14 тамызда Қызылорда облысының кей жерлерінде күндізгі ауа температурасы 40-43°С градус ыстыққа дейін көтеріліп, солтүстік–батыстан соққан желдің 15–20 м/с дейін күшеюі күтіледі.
Осыған байланысты, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді.