Биыл Украинаның қысы жылы болып тұр. Күндізгі ауа температурасы нөлден жоғары. Киевтіктер қытымыр аяз бен қалың қарды осы жылы көрген емес.
Қалыптан тыс жағдай өсімдік әлемі мен құстарға зиянын тигізген. Күндізгі ауа температурасы +2,+4 градус жылы, түнде -1, -5 градус қана суық. Желтоқсан, қаңтар және ақпандағы Киевтің орташа ауа температусы осындай. Қардан гөрі жаңбыр көп жауады.
Экологтар күн жылы болған соң бәйшешек ерте гүлдей бастағанын, кей құстар жылы өңірге ұшпағанын айтып, дабыл қағуда. Олардың айтуынша, бұл жағдай табиғаттағы тепе-теңдікті бұзып отыр.
Аружан Бейсенбаева,
ҚМУ-дың студенті.