20 градусқа көтерілді

Антарктидада температура алғаш рет 20 градустан жоғары көтерілді. 20,75 градусқа жеткен рекорд 9 ақпанда Сеймур аралында тіркелген.
Бұл ғаламдық жылынудың жақын­дағаны ма? Ғалымдардың айтуынша, суық құрлықтағы және жақын маңдағы аралдардағы жылымық әлдеқайда тез болып жатыр. Аргентиналық «Эсперанса» ғылыми-зерттеу стансасы 6 ақпанда Антарктидада метеобақылау тарихында алғаш рет ең жоғары температураны тіркеді. Ол 18,3 градус нөлден жоғары болған.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 ақпан 2020 г. 520 0