«Картадағы елдердің барлығын аралаймын»

Бұл – қазалылық Шерхан Жақсыберген атты шәкіртті алға жетелеген мұрат. Әлем­дегі екі жүздей мем­лекеттің астанасын, халық санын, жер көлемін тайға таңба бас­қандай етіп айтып беретін бала жадының мүмкіндігі елең еткізді. Бір қарағанда анау айтқан жаңалық емес секілді. Десе де, ол небәрі алты жаста. Балдырған бос уақытын глобус пен кар­таның алдында өткізеді.
Талантты бала былтыр Б.Мергенбаев атындағы №226 мектеп-гимназияның табал­дырығын аттаған. Сы­нып­тастары мен ұстаз­дарын алғашқы күннен-ақ тәнті етті. Географиялық білі­мінің тереңдігі оны өзгелерден оқ бойы озық көр­сетті. Анасы Алтын Оры­нәлиеваның ай­туынша, Шер­ханның бұл салаға қызы­ғу­шылығы бес жасында бас­талған.
– Баламыз планшеттен, смартфоннан түрлі мем­ле­­кеттің туы мен анық­тамасын қарап отырғанда соншалықты мән бермедік. Бізден глобус пен карта сатып әперуімізді сұрады. Сонда байқадық, ол жүз шақты мемлекеттің ас­танасын жаттап алыпты, – дейді анасы.
Мектептегі интерактивті тақтаның бетінде көптеген мемлекеттің байрағы ор­на­ласқан. Елдің аты жоқ, туының суреті ғана. Әйт­кенмен, кішкентай географ тудың түріне қарап тұрып-ақ,  қай мемлекеттікі екенін жаз­бай таниды.
– Қазір екі жүздей мемлекетті білемін. Қабі­ле­тімді дамыту үшін ата-анам үнемі осы бағыттағы сұрақтарды қояды, мен жауап беремін. Ер жет­кенде географ болғым келеді. Сол кезде картадан көрген барлық мемлекетті аралауым керек деген мақ­сат қойдым, – дейді алғыр жас.
Ол конкурстарға бар­ғысы келеді. Байқауларда топ жаратынына, қазылар мен кө­рерменді таңғал­ды­ра­ты­нына сенімді.

Қазалы ауданы.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 ақпан 2020 г. 704 0