17 ақпан күні сағат 11:00-де А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде республикалық ақындар айтысы өтеді. Алтын Орданың 750 жылдығына және ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған жыр додасының бас ұйымдастырушысы - Қызылорда қаласының әкімдігі.
«Ұлы даланың ұлағаты» атты республикалық ақындар айтысын екі дүркін "Алтын домбыра" иегері, айтыскер ақын Мұхтар Ниязов жүргізеді. Өнер додасында Бекарыс Шойбеков, Дидар Қамиев, Рүстем Қайыртайұлы, Нұрмат Мансұров, Дидар Аббасов, Біржан Байтуов, Ержеңіс Әбдиевтер бақ сынайды.
Қазақ өнерінің туын көкке көтерер, сөз қадірін өз қадірім деп білетін жанашыр қауым айтыстан қалыс қалмаңыз!