Almaty Towers-те түтін шығып, 300-ден астам келуші ғимаратты босатуға мәжбүр болды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«11:54-те «112» пультіне Байзақ, 280 мекенжайында орналасқан «Алматы Тауэрс» БО әкімшілігінен түтін шыққаны туралы хабарлама түсті. Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына жеткенде «Хот Бургер» асханасында фритюрда майдың жанғанын анықтады. Жалын таралмаған. 350 келуші шұғыл ғимараттан шықты. Обьектінің автоматты өрт сөндіру қызметі іске қосылды» - деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД.
Мерт болғандар мен зардап шеккендер жоқ.