Кәсіпкерлер палатасының жанынан оқу орталығы ашылды

Кәсіпкерлер палатасының жанынан оқу орталығы ашылдыБүгін ҚР ҰКП Басқарма төрағасы Нұржан Алтаев бастаған делегацияның қатысуымен Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы мен «РҒӘО» АҚ Қызылорда облыстық филиалы және «Техмаман» ЖШС арасындағы әріптестік туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды КП баспасөз қызметі.
Аталған орталықтың жұмысының негізгі мақсаты – өңірімізде тасымалдау, ғимараттар құрылысы, құрылыс және автожолдарды жөндеу кәсіпорындарына қажетті жұмысшы кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру. Орталықтың ерекшелігі болып - оның базасында білім мекемелері түлектерінің кәсіби дайындық деңгейін бағалау және мамандарды сертификаттау, өндірістік оқу орындарының шеберлері мен мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және т.б. саналады.
ҚР ҰКП Басқарма төрағасы Нұржан Алтаев: «Бүгінгі күні білікті мамандардың жетіспеушілігі экономикамыздың дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі»- деп атап көрсетті. Кәсіпқой мамандардың жетіспеушілігі барлық облыстарда байқалады. Қалыптасқан жағдайдың бизнестің дамуына кедергі келтіруі бірінші жыл ғана емес. ҰКП бізге бүгінгі күні Қызылордада көрсетілген мамандарды дайындау жүйесін қолдауды мақсат етіп отыр. Ұлттық Палата өңірлерді индустрияландыру картасымен байланыстырылған дуальды оқытуды енгізу Жол картасының жобасын жасады. Әрбір аймақта осы жобаға қатысатын колледждер, оқу орталықтары мен кәсіпорындар анықталатын болады.
Қызылорда облыстық кәсіпкерлердің өңірлік палатасының директоры Д. Абсаттаров: - «Қазіргі уақытта бульдозер машинистері мен «В» санаттағы автокөлік құралдарын жүргізушілерді дайындау жұмыстары басталды. Палатаның алдағы уақыттағы жоспары мамандарды даярлаудың, қайта даярлаудың, біліктілігін арттырудың салалық оқу-әдістемелік кластерін ұйымдастыру» - деп атап көрсетті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 тамыз 2014 г. 864 0