Ауа райы: Қазақстанның бес облысында ескерту жарияланды

Қазақстанның бес облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазгидромет таратқан мәліметке сай, 15 ақпанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, түнде көктайғақ болады.

15 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын соғып, тұман түседі. Оңтүстіктен жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 18 м/с болады.

15-17 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. 15 ақпанда күндіз, 16-17 ақпанда тәулік бойы солтүстік-батыстан, батыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа, шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с-ға жетеді.

15 ақпанда таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с болады.

Шымкент қаласында 15 ақпанда тұман түсіп, таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с болады.

Түркістанда 15 ақпанда тұман түсіп, таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с-ға жетеді.

15 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, кей жерлерде бұрқасын соғады. Күндіз кей жерлерде көктайғақ болады. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с-ға жетеді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 ақпан 2020 г. 572 0