Астана-Қызылорда бағытына жаңа жүрдек пойыз шығады

Астана-Қызылорда бағытына жаңа жүрдек пойыз шығадыБүгінде «Тальго» жүрдек пойыздары еліміз бойынша жеті бағытта жүреді. Жыл соңына дейін тағы да «Астана-Өскемен», «Астана-Қызылорда» және «Алматы-Өскемен» бағыттарында пойыздар қатынайтын болады, деп хабарлайды "Сыр бойы" газетінің сайты. 
Естеріңізге сала кетейік, жуырда «Алматы-Ақтөбе» бағытына 23 вагоннан тұратын жаңа жүрдек пойыз шыққан. Пойызда екі «Бизнес», екі «Гранд», 14 «Турист», мейрамхана және кафетерий вагондары бар. Жыл соңына дейін билет құнына жеңілдіктер сақталады. Люкске 25, купеге 15 пайызға баға арзандатылған. Алматыдан Ақтөбеге дейінгі жол 30 сағат. Бастысы жолаушылар уақыт үнемдейді.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ президенті Ермек Нақыпбеков: "Бұрынғы пойыздар Алматы мен Ақтөбенің ортасында 42 сағат жүретін болса, бұл 30 сағатқа келіп отыр. Бүгінгі таңда. Яғни, 12 сағатқа жол қысқарылып отыр". - деді.



ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 тамыз 2014 г. 1 150 0