Мемлекеттік сектордағы үздік IT-жоба

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының «Әкімшілік іс жүр­гізудің бірыңғай тізілімі» (ӘІЖБТ) жо­басы «Digital Almaty Awards» сыйлығын жеңіп алды.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министр­лігі Ал­маты қаласында «Digital Almaty: жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» атты халық­аралық форумын өткізген болатын. Аталған фо­румға Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері – Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь және Қырғызстанның Үкімет басшылары қатысты.

Интернет арқылы дауыс беру нәтижесі бойынша ҚР Бас проку­ра­турасының «Әкімшілік іс жүр­гізудің бірыңғай тізілімі» (ӘІЖБТ) «Мем­лекеттік сектордағы үздік IT-жоба» номинациясында жеңімпаз болып танылды.

ӘІЖБТ – әкімшілік істердің бірыңғай базасы болып табылады. Ол іс жүргізуді қозғаудан және айыппұл салудан бастап, барлық қойылған шектеулерді алып тастай отырып, оны орындауға дейін әкімшілік жа­уапкершілікке тарту процесін толық автоматтандырудан тұратындығын атап өткен жөн.

Еске сала кетейік, ӘІЖБТ жүйесі 2017 жылдың шілдесінде енгізілді. Оның іске асырылуы жедел және ашық процесті қамтамасыз етуге, азаматтарға айыппұлдарды тез және ыңғайлы төлеуге, сондай-ақ адам факторын алып тастай отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүм­кіндік береді.

«СБ» ақпарат.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 ақпан 2020 г. 256 0