Қайырымдылық –қайырлы іс

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басты бағыттарының бірі – қайырымдылық.Үнемі жақсылықтың жаршысына айналған мешіттердің ұйытқы болуымен биылғы жылы да Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес, ҚМДБ-ның 30 жылдығының құрметіне қайырымдылық шараларын көптеп ұйымдастыру қолға алынуда.

Осы орайда, жыл басынан бері Сыр мешіттері де «30 жылдық мерейтойға 30 игі шара» ұранымен әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасылардың мұңын шағып, мұқтаждықтарын өтеген еді.

Сандық көрсеткіштермен сөйлер болсақ, ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қоры, облыс бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен жыл басынан бері 240 отбасыға азық-түлік, 15 отбасыға киім-кешек, 5 тонна көмір үлестіріліп, әртүрлі қажеттіліктері бойынша 600000 тг қаржылай көмек көрсетілді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 ақпан 2020 г. 272 0