Бүгін Көші-қон орталығының ашылғанына - 1 жыл

Бүгін Көші-қон орталығының ашылғанына 1 жыл толды. Жыл бойы халыққа адал қызмет еткен ұжым ел алығысына бөленіп келеді. Заманға сай ақпараттық технологиялармен қамтамасыз етілген бөлімнің қызметкерлері тікелей міндеттерін тиянақты атқаруда.

Жұдырықтай жұмылған ұжымның басшысы – Алия Елеуова. Бөлім басшысының ұйымдастырушылығымен қаламызда тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша шаралар оң бағасын алуда. Білікті мамандар орталыққа келген әрбір қызметалушыға оқыту-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мемлекеттік қызметтер бойынша кеңестер береді.

Елбасының «100 нақты қадам» ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында ашылған Көші-қон орталығы еңбек мигранттарына

«бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетуде. Сонымен қоса, орталықтан медициналық тексеріс пен сақтандыру полисін, саусақ таңбасын рәсімдеуге болады. Бұрын мигранттар рұқсат құжаттарын алу мен оның мерзімін ұзарту үшін 6 мемлекеттік мекемеге барып, 4-5 күн уақытын жұмсайтын. Қазіргі таңда Көші-қон қызметтерінің орталығынан бір күнде-ақ рәсімдей алады.

Сонымен қатар, бүгінде ХҚО-ға бармай-ақ шетелдіктерді уақытша тіркеудің онлайн баламасы Қазақстандықтардың уақыты мен қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұған дейін шетел азаматын уақытша тіркеу үшін Көші-қон басқармасына барып, қағаз жүзінде өтініш беру керек болатын. Бұдан бұлай шетелдіктерді уақытша тіркеуге онлайн өтініш беріп, дайын электронды үкімет порталынан тіркелгені жөнінде анықтама алуға болады. Қызмет көрсету мерзімі небәрі 15 минут әрі тегін.

Бүгін орталықтың ашылғанына 1 жыл толуына орай қызмет алушылдарға естелік сыйлықтар табысталып, халық тарапынан жылы лебіздер мен құттықтаулар білдіруде.Біз өз кезегімізде ұжымның алдағы уақытта да халыққа сапалы қызмет көрсетуін жалғастыра беретініне сенімдіміз және қызметтеріне сәттілік тілейміз.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 ақпан 2020 г. 201 0