« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы Fссамблеясының ұйымдастыруымен ашық есік күні өтті. Оған облыстық этномәдени бірлестік жетекшілері мен мүшелері, медиация, Қоғамдық келісім кеңесінің белсенділері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы, ғылыми-сараптамалық топ, журналистер мен сарапшылар клубы және тағы басқа құрылым мүшелері қатысты.
Шарада жоба жетекшісімен бірге болашақ жас ғалым, №212 орта мектептің 11 сынып оқушысы Айзат Нұрбол келді. Айзат 1937 жылы тағдыр теперішіне ұшыраған, Сыр еліне Қиыр шығыстан жер аударылған кәріс этнос өкілдерінің кешегі мен бүгінін өз еңбегіне арқау етпекші. Осы орайда ол «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан ғылыми жобалар байқауының республикалық кезеңінде өз жобасын жоғары деңгейде қорғауы үшін «Қазақстан кәрістер қауымдастығы» облыстық филиалы жетекшісінің орынбасары Матвей Цойдан тың деректер мен мәліметтер алды.
Ашық есік күні «Абай қазынасына саяхат» клубының тұсаукесері де болып өтті. Клубқа 35 адам мүше болып қабылданды.
Сонымен қатар қатысушылар шара барысында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылда жеткен жетістіктері мен облыстық Ассамблеяның негізгі әрі маңызды бағыттары медиация, Қоғамдық келісім кеңесі, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы, Аналар кеңесінің жұмыстарымен танысты.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |